05 Маусым 2019
157

Облыс әкімі өңір тұрғындарын Ораза айтпен құттықтады

 

Өңір басшысы Алтай Көлгінов орталық мешітте болды.

 

- Құрметті батысқазақстандықтар! Бүгін мұсылман қауымының ұлық мейрамы - Ораза айт. Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Ораза айт өзара сыйластық пен татулыққа, бірлікке шақыратын бірегей мереке. Біздің басты байлығымыз да, жетістігіміз де – еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығы, халқымыздың достығы мен бірлігі. Бұл асыл қасиетімізді сақтау мен нығайту ортақ міндетіміз болмақ. Қасиетті Рамазан айында және Айт мерекесінде жасаған дұғаларыңыз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға молшылық пен бақ-береке тілеймін,-деп облыс әкімі Алтай Көлгінов Instagram аккаунтында өз құттықтауын жеткізді