05 Маусым 2019
208

БҚОда қарқынды түрде инфрақұрылымды дамытуда


Батыс Қазақстан облысында үш аудан орталығын Орал қаласымен қосатын "Қазталов- Жәнібек- Сайхын" жолының құрылысы басталды. Бұл туралы шалғай аудан тұрғындарының қатысуымен өткен жол құрылысы жөніндегі көшпелі жиын отырысында белгілі болды. 

 


- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің қойған міндеттері шеңберінде және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру тапсырмасына сәйкес "Қазталов-Жәнібек-Сайхын" жол құрылысын бастадық. Республикалық бюджеттен 264 км жолға қаражат бөлінді. Бұл жоба халықтыңкөптенкүткенарманыеді. Бұндай қолдаудың арқасында 2021 жылы жол құрылысын аяқтауға ниеттіміз. Бұл жұмыстар өңірдің транзиттік қана емес туристік әлеуетін де арттырмақ, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов. 


Аталған жұмыстар аясында Қазақстанның киелі орындар тізіміне енген Бөкей ханның тарихи-өлкетану кешені орналасқан Хан ордасы ауылына дейін жол салынады.Жоба барысында жол бойында 6 демалыс орыны бойкөтеріп, 6 көпір күрделі жөнделеді. Сондай-ақ Ресей Федерациясының шекарасында "Жәнібек" өткізу бекетін салу жоспарлануда.