09 Маусым 2019
333

Ғабидолла Оспанқұлов: «Бүгін – Қазақ елі үшін маңызды күн»

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Орал қаласындағы №521 сайлау учаскесінде дауыс берді.

 

 

- Бүгін – Қазақ елі үшін маңызды күн. Бұл күннің нәтижесінде елдің болашағы айқындалатын болады. Себебі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты мен экономикасы билікке келетін Президентімізге байланысты. Бүкіл қазақстандықтар ерте тұрып, жақсы көңіл күймен сайлау учаскелеріне келуде. Үлкен буын дауыс беруге бала-шағасын алып келіп жатқанын көріп отырмыз. Мен Қазақ еліне тек жақсылық тілеймін,-деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы.

 

 

Сурет: Темірболат Тоқмамбетов