09 Маусым 2019
231

Батысқазақстандық сайлаушылардың 66,3 пайызы дауыс берді

 

Республика бойынша дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-де аяқталды, тек қана Батыс Қазақстанның бес өңірінде, уақыт айырмашылығына байланысты, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21.00-де аяқталды.

 

 

22.20-да Орталық сайлау комиссиясының дауыс беру күні сайлаушылардың келу қорытындылары туралы отырысы өтті.

 

2019 жылғы 9 маусымда тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының төмендегі пайыздық бөлігі сайлауға қатысқан:


Ақмола облысы бойынша – 83,4 %
Ақтөбе облысы бойынша – 84,9 %
Алматы облысы бойынша – 89,0 %
Атырау облысы бойынша – 71,2 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 84,9 %
Жамбыл облысы бойынша – 81,3 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,3 %
Қарағанды облысы бойынша –  77,3 %
Қостанай облысы бойынша – 84,1 %
Қызылорда облысы бойынша – 81,6 %
Маңғыстау облысы бойынша  – 68,9 %
Павлодар облысы бойынша – 81,2 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,8 %
Түркістан облысы бойынша – 84,8 %
Алматы қаласы бойынша – 52,2 %
Шымкент қаласы бойынша – 67,6 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 68,9 %

 

Сайлау біткеннен кейін сайлау комиссияларының мүшелері 12 сағаттың ішінде дауыстарды санап бітуі тиіс.