13 Маусым 2019
266

Батыс Қазақстан облысында жаңа әкім тағайындалды

 

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңа әкімді облыс активіне таныстырды.

 

 

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1993 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Әр түрлі жылдары:

 

- «Банк Туран Алем» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры,

 

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры,

 

- «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы,

 

- Жамбыл облысы әкімінің орынбасары,

 

- Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары,

 

- Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.

 

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап осы күнге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.