06 Маусым 2019
178

«Омега» көпірі халыққа ұзақ қызмет ететін болады

 

«AQJAIYQ» арнасының тікелей эфирінде өтіп жатқан «Әкім сағаты»  бағдарламасында батысқазақстандықтар облыс әкімі Алтай Көлгіновке көпір мәселесіне қатысты сауалдар жолдады.

 

 

- Шұғыл шешімді талап ететін мәселелердің бірі – көпірлердің жағдайы. Депо көпірін былтыр аяқтадық. Ол екі жолақты болса, қазір төрт жолақты болып екі есе кеңейді. Омега көпірі құрылысын былтыр қарашада бастадық. Ескі көпірді бұздық. Оның жанында инженерлік желілер бар, су, газ, электр, байланыс желілерін басқа жақпен өткіздік. 140 бағана (свая) қағу керек еді, 135-і қағылды. Әрқайсының тереңдігі 20 метр. Бұрын көпірдің ені 9 метр болса, енді 22 метр, ұзындығы 650 метр болады. Көп қаржы кетті. Әйтпесе, бұл қаражатқа көп көшеге жол да салуға болатын еді. «Елу жылда ел жаңа» дейді, бұл көпір құрылысы сол елу жылда бір жасалатын құрылыс деуге болады. Сапалы жұмыс жасалуда. «Омега» көпірі халыққа ұзақ қызмет ететін болады,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

 

сурет: Александр Куприенко