07 Маусым 2019
220

«Ақжайық» футболшылары «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне барды

 

«Ақжайық» футболшылары мен бапкерлері және клуб әкімшілігі Орал қаласындағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде болды.

 

 

Жетім көрсең, жебей жүр дейтін футболшылар қайырымдылық шарасына белсене араласты. Қажетті заттардың барлығын алып келген аяқдопшыларға разы болған балалар ойыншылармен естелік суретке түсті. Сондай-ақ сүйікті ойыншыларынан қолтаңба алып, «Ақжайық» ойыншыларымен доп ойнады.

 

Кездесу соңында балалар үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетов қайырымдылық шарасын ұйымдастырған клуб басшылығы мен футболшыларға ризашылығын

білдірді.

 

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш