19 Маусым 2019
234

Облыс әкімінің орынбасары Б. Азбаев Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарындағы құрылыс жұмыстарын тексерді

 

Теректі ауданында жұмыс сапарымен болған өңір басшысының орынбасары бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты.

 

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге келген жұмыс сапарында берген тапсырмасына сәйкес облыстағы жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарының өту барысын тексерді. Атап айтқанда Ақсуат ауылына дейінгі ұзындығы 2,4км болатын жолдың күрделі жөндеу жұмыстары. Сондай ақ, екі бірдей аудан орталығын қосатын Федоровка-Ақсай тас жолының 28км бөлігін орташа жөндеу жұмыстары.

 

- Жол инфрақұрылымының жақсаруы өңір дамуы үшін аса маңызды. Жасалған жолдар ұзақ жылдар бойы тұрғындарға қызмет етуі керек. Сол себепті құрылыс технологиясы мен сапасын қатаң сақтау қажет,- деді Б. Азбаев.

 

Сонымен қатар мемлекет басшысы ауыз сумен қамту деңгейін арттыруды да атап өткен болатын. Бұл бағытта ауданда бірқатар жобалар жүзеге асуда. Облыс әкімінің орынбасары "Ақбұлақ" бағдарламасының аясында жүзеге асып жатқан Богдановка және Приречный ауылдарын сумен қамту жұмыстарымен танысты. Өңір басшысының орынбасары құрылысқа қолайлы мезгілді пайдаланып жұмыс қарқынын арттыруды және сапаға мән беруді тапсырды.