24 Маусым 2019
119

Облыс әкімі батысқазақстандықтарды өңірдің дамуына атсалысуға шақырды

 

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Facebook-парақшасындағы жазбасы арқылы батысқазақстандықтарды өңірдің дамуына атсалысуға шақырды.

 

«Құрметті достар! 

 

Облыс әкімі лауазымындағы жұмыстың бірінші аптасында көптеген құттықтаулар және мемлекетіміз бен өңіріміздің игілігі жолында тілектерді алдым. Сіздерге көп рахмет!


Сонымен қатар, сөзбен емес, нақты іспен өңіріміздің дамуына үлес қосуға даяр азаматтарды байқадым. Бізге жақсы ұсыныстар келіп түсуде, соның ішінде басқа өңірлерде тұратыр жерлестеріміздің белсенділігі басым. Мысалы, Беларусь елінде тұратын Әлімжан деген азамат Орал қаласын дамыту тұжырымдамасын жіберді (39 слайдта). Онда қала бюджетінің үлкен шығынсыз жүзеге асыруға болатын көптеген жақсы идеялар бар. Облысымыздың стратегиясы, мал шаруашылығының дамуы, шағын және орта бизнес және т.б. ұсыныстар да бар. Келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, өзгерістерді енгізу бойынша тапсырмаларды да бердім. Мәселен, жол қауіпсіздігі, жасыл желектердің жаңа түрлеріне көшу, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында бала-бақша мен емханаларды орналастыру, "Таза ауыл" тұжырымдамасы, қадағалаусыз мал жайғаны үшін жауапкершілікті арттыру бойынша және т.б.

 

Осы орайда, барлық ұсыныс-пікірлерді конструктивті талқылау үшін бірлесіп жұмыс атқаруға ниеті бар азаматтар This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына хат жолдауды сұраймыз: Хат жолында - "Өңірге көмектескім келеді". Сосын хатта: қай аудан/қаладан, қандай саланы талқылауға дайынсыз; қай саланың маманысыз немесе сарапшысысыз (өңірдің даму стратегиясы, мемлекеттік және мұнайгаз саласындағы жергілікті мазмұнды арттыру, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, урбанистика, қауіпсіз жол, жобалық менеджмент және т.б.), байланыс (толық аты-жөніңізді, электронды пошта мен телефон нөмерді) көрсетуіңізді сұраймыз.


Содан кейін топтарды құрып, барлық ұсыныстарды талдайтын боламыз», - деді өңір басшысы.