24 Маусым 2019
135

Облыс әкімінің орынбасары қаладағы құрылыс жұмыстарын тексерді

 

Өңір басшысының орынбасары Бағдат Азбаев облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады.

 

 

Алғашқы болып Ә. Молдағұлова көшесінің жөндеу жұмыстарын тексерді. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда. -Қала орталығында орналасқан көшенің маңыздылығы зор. Сол себепті жол сапасы мен мерзімді қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін аулаларға кірме жолдар, автобус аялдамалары және автокөлік тұрақтары сынды нысандарға мән беру қажет,- деді Б. Азбаев.

 

Келесі болып қала инфрақұрылымы үшін маңызды нысан мұнай базасы ауданындағы көпір құрылысы барысын тексерді. Өңір басшысының орынбасары нысан құрылысын ағымдағы жылы аяқтау қажеттігін ескертіп, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.