25 Маусым 2019
123

Батыс Қазақстан облысынан гуманитарлық көмек

 

Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған апатқа байланысты «Арыс. Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлері, азаматтық қызметшілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы зардап шеккендер қорына бір күндік жалақы сомасын аударды.

 

Алғашқы көмек (30 тонна тамақ, киім-кешек пен гигиеналық заттар, 20 тонна құрылыс материалдары) жөнелтілді. Арыс қаласының тұрғындарына қаржылық қолдау мен гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Өңірдің лагерлері Арыс қаласының 50-ден астам балаларын жазғы демалысқа қабылдауға дайын. Ақжайық жұрты Арыстағы ағайынмен бірге.