26 Маусым 2019
121

Облыс әкімінің ұялы телефонына 500-ден астам хабарламалар келіп түсті

 

Облыс әкімі өңір тұрғындарынан дамуға байланысты  ұсыныстарды алу үшін ұялы телефонын жариялаған болатын. Осы орайда, бір күннің ішінде what’s app-қа 500-ден астам хабарламалар келіп түсті. Соның 95%-і өңіріміздің дамуына қатысты емес хабарламалар екен. Олар тұрғын үйді жөндеу, ішкі жол жасау, жұмыспен қамту және т.б.мәселелер. өңір басшысы аталмыш мәселелер тиісті мекеме басшыларына жолдағанын және азаматтар "109 қызметі", Telegram арқылы "iKomek Uralsk" бағдарламасына жүгінуге болатынын айтты.

 

Мұнымен қатар, облыс әкімі өңірдің дамуына қатысты бірнеше ұсыныстардың келіп түскенін де атап өтті.

 

-Шалқар көлінің жағдайын жақсарту. Көл дамуының ғылыми негіздемесін дайындауды және осы аумақты жақсартып, адамдарға қолайлы жағдай жасай алатын мықты инвесторды тарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жобаны әзірлеуді тапсырдым.

 

- қала мен аудан орталықтарын көгалдандыру;

 

- Корея инвесторларымен жылыжайда құлпынай өсіру;

 

- колледждерде кадрлар даярлау;

 

- ауданішілік жолдар құрылысы бойынша құнын төмендету және т.б.

 

Барлық ұсыныстар толық зерттеледі, - деді Ғали Есқалиев.

 

Сондай-ақ, өңір басшысы жауаптар тек өңірдің дамуына байланысты ұсыныстарға ғана берілетініне түсіністікпен қарауды өтінді