28 Маусым 2019
140

Бүгін облыс әкімдігінде БАҚ қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті

 

Облыс әкімі Ғали Есқалиев барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып,өңірдің тыныс-тіршілігін объективті көрсеткені үшін алғыс білдірді.

 

 

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын.Журналистер қауымы өңіріміздің әрбір елді мекеніндегі тұрғындардың ақпарат алуына,ел игілігі жолындағы жағымды жаңалықтардың жарықтануына өлшеусіз үлес қосып келеді. Халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, еліміздің даму жолында еңбектеріңізге табыс,отбасыларыңызға амандық тілеймін.Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!»,деді облыс әкімі.

 

Салтанатты шарада сөз сөйлеген өңір басшысы мемлекеттік органдардың ашықтығы,қолжетімділік пен жариялылықты қамтамасыз ету жолындағы жұмыстармен бөлісті. Сондай-ақ, БАҚ жұмысы халықтың түйткілді мәселелерін шешуге оң септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

 

Шара барысында БАҚ өкілдері ҚР Президенті және облыс әкімі атынан алғыс хаттармен марапатталды.