01 Шiлде 2019
232

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Шыңғырлау ауданында болды

 

Шыңғырлау ауданында жұмыс сапарымен болған өңір басшысы бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты.

 

 

Алдымен Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жүргізілген су құбырының ашылу рәсіміне қатысты. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 600тұрғыны бар ауыл таза ауыз сумен қамтылды. Айта кету қажет, осы жылы Алмаз, Ақтау, Ащысай және Жанакуш ауылдарына су жүргізу жұмыстары басталды. Аталмыш су жүргізу жұмыстары аяқталғаннан соң ауданның сумен қамту деңгейі 94% жетеді. Сондай-ақ 6 елді мекенді, атап айтқанда Ақсуат, Ұрысай, Сегізсай, Қайыңды, Ақсоғым, Қарағаш сумен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, Ұрысай ауылындағы 12 км-ге созылған Шыңғырлау-Ұрысай және жалпы қашықтығы 32 км Шыңғырлау – Ақшат – Сегізсай облыстық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмысын тексерді.

 

-Жол инфрақұрылымының жақсаруы өңір дамуы үшін аса маңызды. Жасалған жолдар ұзақ жылдар бойы тұрғындарға қызмет етуі керек. Сондықтан жасалып жатырған жұмыстың сапасына аса назар бөлу қажет,- деді Ғ.Есқалиев. Сондай-ақ, өңір басшысы жұмыс сапары аясында аудан ақсақалдары мен медицина қызметкерлерімен кездесті.Жергілікті тұрғындармен кездесу барысында өңір басшысы Ғ.Есқалиев Елбасының қабылдаған мемлекеттік бағдарламалары және Президенттің берген тапсырмаларының жүзеге асатынын айтып, осы орайда жұртшылықты атсалысуға шақырды. Облыс әкімі аудан бойынша қоғамдық өкілі болып еңбек ардагері Ерсайын Қапезұлы Шатиновты жұртшылыққа таныстырды. Кездесуде аудан орталығы мен Ақшат ауылының медициналық пунктеріне 2 көлік табыс етілді. Сонымен қатар, өңір басшысы Л.Қылышев, А.Құнанбаев, С.Датов, Ғ.Мұратбаев, Тәуелсіздік көшелерінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы ұзындығы 7,2 км ауылішілік жолдардың құрылысы күзде аяқталады. Шыңғырлау ауданына келген өңір басшысына жастар "eco-river" акциясының бастайтындарын жеткізді. Акция аясында Ілек өзенінің жағалауын экологиялық тазарту жұмыстарын өткізбек.