01 Шiлде 2019
280

Облыс әкімдігінде жаңа тағайындау

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аппарат жиналыста өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

 

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Аманжол Алиханұлы Алпысбаев тағайындалды.

 

Аманжол Алиханұлы Алпысбаев – 1971 жылы туған, білімі жоғары, Алматы технологиялық институын «инженер-технолог», Қарағанды экономикалық университетін «салық және салық салу» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Әр жылдары:

- ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде,

- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің  Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы, Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры,

- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры, төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

 

Осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде жұмыс істеді.

 

Ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық жоспарлау, тарифтік саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.