01 Шiлде 2019
212

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аппарат жиналысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Аманжол Алиханұлы Алпысбаев тағайындалды.

 

 

Аманжол Алиханұлы Алпысбаев – 1971 жылы туған, білімі жоғары,Алматы технологиялық институын «инженер-технолог»,Қарағанды экономикалық университетін «салық және салық салу» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Әр жылдары: - ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде, - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы, Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры, - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры, төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

 

Осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде жұмыс істеді.

 

Ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық жоспарлау, тарифтік саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.