02 Шiлде 2019
214

БҚО әкімі Тасқала ауданына барды

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев бастаған бір топ өкіл Тасқала ауданына келді.

 

 

 

 

Алдымен аудан орталығынан жеті шақырым жердегі Бірлік ауылына асбасын бұрды. Ауылда 5000 бас малға арналған «Taskala-ET BKO» ет бордақылау алаңын көрді. Жобаның құны -1,3 млрд.теңге.

 

Мұнда бордақыланған бұқашықтардан алынған ет өнімі тек БҚО емес Атырау, Ақтөбе облыстарындағы сауда-кәсіпорындарына жіберіледі. Күні бүгін мал бордақылау алаңында жаңадан 28 жұмыс орны ашылған.

 

Сондай-ақ, өңір басшысы аудандық аурухана аумағындағы дамбаның жағдайымен танысты.

 

Одан әрі өңір басшысы әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Кездесуде аудан әкімі Алдияр Халелов атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндап,жоспармен бөлісті. Облыс әкімі өз сөзінде шағын және орта бизнестің дамуы, инвестицияларды тарту мен жаңа жұмыс орындарды ашу мәселелеріне кең тоқталды. Сондай-ақ, азаматтардың өмір сүру сапасын артуы мен ауданның одан әрі дамуына бағытталған бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Жиын соңында өңір басшысы Тасқала ауданындағы облыс әкімінің қоғамдық өкілі болып еңбек ардагері Алыбек Бақтыгерейұлы Сытдықовты таныстырды. Ауданға жасаған жұмыс сапарында өңір басшысы аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.