25 Маусым 2019
161

Арыстан 50 бала Орал қаласында демалады

Арыстан 50 бала Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық директоры Гүлсім Дүйсенғалиеваның мəлім еткеніндей, арыстық жеткіншектер 10-19 шілде аралығында тынықпақшы. «Арыстағы оқиға бəріміздің қабырғамызға аяздай батты. Сондықтан бұдан біз де қалыс қалмай, сергіп қайтсын деп балаларды демалуға шақырдық»,- деді Г.Дүйсенғалиева. Оның сөзіне қарағанда, биыл «Дарында» барлығы 420 бала демалмақ. Қазірдің өзінде алғашқы екі ауысымда 210 жасөспірім тынықты. Бұлардың бастапқысында физика-математика бағытында олимпиада, байқауларда оза шауып жүргендер болса, екінші лектегілер - IT саласында талаптанып, табысқа жеткен оқушылар. Күні бүгін облыста алғаш рет «Жайық Пресс» ЖШС-ның қолдауымен «Өрімтал» жас тілшілер легі (100 бала) демалуда. Олардың арасында Абай, Əбіш, Қадыр, Мұқағали оқуларында жеңімпазжүлдегер атанғандар баршылық. «Дарындағы» əр күнде түрлі шаралар жоспарланған. Мұнда балалар демалып қана қоймайды, өз шеберліктерін жетілдіреді, өздері сынды құрбы-құрдастарымен тəжірибе алмасады, өңірге танымал адамдармен кездеседі.

Төртінші ауысым аты - үш тұғырлы тіл. Мұның ерекшелігі - Арыстағы жасөспірімдермен бірге көршілес Самара облысындағы қазақ диаспорасы отбасыларынан 20 бала келіп, өз күндерін қызықты өткізетін болады», -деді орталық директоры. Айта кетейік бүгін Арыс қаласы тұрғындарына көмек көрсету үшін батысқазақстандық мекемеұйымдар қатарында Орал қаласы əкімдігі, сондай-ақ «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 900 қызметкері бір күндік жалақыларын аудару жөнінде шешім қабылдады.