03 Шiлде 2019
274

Өңір басшысы Ғали Есқалиевтің аудандарға жұмыс сапары Қазталов ауданында жалғасты

Облыс әкімі алдымен Жалпақтал ауылында болып, күрделі жөндеуден өтіп жатырған ауылішілік жолдардың жұмысымен танысты. Биыл Жалпақтал ауылының 4 көшесінде 2,6 км асфальт жолдың, 1,9 км жаяу жүргінші жолын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты жүргізіп жатқан мекеме өкілдерімен кездескен облыс әкімі жол салуды сапалы әрі уақытылы атқаруды тапсырды.

 

 

 

Жалпақтал ауылындағы орталық саябағында болған облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл түлектері атқарған игі істермен танысты. Биылғы жылы Жалпақтал ауылында жаңадан ашылған нысанның бірі – «Жастар» коворкинг орталығы. «Жастар жылына» орай ашылған нысанда аудан жастары өз уақыттарын тиімді өткізуге зор мүмкіндіктер жасалған. «Жалын» коворкинг орталығына келген облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан жастарымен кездесті Облыс басшысының тағы бір назар салған нысаны Қараөзен бойында орналасқан – Гүрілдеуік бөгеті. Қараөзен ауылында орналасқан бұл бөгеттің жоғарыдан келетін судың деңгейін ұстап тұруда маңызы зор. Қазіргі таңда Гүрілдеуік су ұстау бөгетін салу қажеттігі туралы мәселе бөгет аумағында талқыланды.

 

Ауданда балалардың жазғы уақытта демалыс уақыттарын тиімді өткізу үшін жазғы демалыс лагерьлері ұйымдастырылуда. Жаңажол ауылдық округінде орналасқан «Ақкөл» балалар демалыс лагерінде болған облыс әкімі нысанның жұмысымен танысып, демалыстарын көңілді өткізіп жатырған оқушылармен жүздесті. «Ақкөл» демалыс лагерінде бір маусымда 36 оқушы демалады. Ауданда «Жұлдыз», «Сакрыл», «Мамай» суландыру жүйелерінің қайта жаңарту жұмыстарын жүрігізу жоспарланды. Аталмыш жүйенің қайта құру жұмыстарын өз көзімен көрген өңір басшысы «Қазсушар» мекемесінің өкілдеріне тиісті тапсырмаларды жүктеп, жан-жақты зерттеуден өткізуді тапсырды. Өңір басшысы жұмыс сапары аясында «Алға» шаруа қожалығының қысқа мал азығын дайындау жұмыстарын көрді.

 

Жұмыссапары кезінде өңір басшысы аудан орталығында салынып жатырған 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын көрді.Құрылыс жұмыстарының ұзақтылығы - 5 ай. Осындай 12 пәтерлік 2 қабатты үй Жалпақтал ауылында да салынуда. Мұнан кейін облыс әкімі аудан орталығында апатты деп танылған Алма Оразбаева атындағы орта мектепке барды. Апатты ғимаратты көріп, жаңадан салынатын 600 орындық жаңа мектептің жобасымен танысты. Құрылыс нысандарынан кейін облыс әкімі аудан активімен кездесті. Кездесуде өңір басшысы аудан халқының тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Сондай-ақ, өңір басшысы өзінің қоғамдық өкілдерін таныстырды. Облыс әкімінің қоғамдық өкілдері еңбек ардагерлері Айдар Батырханов пен Кәрімолла Жақыпов болды. Кездесуден соң тұрғындар облыс басшысы аудан тұрғындарын жекелей мәселелерімен де қабылдады.