04 Шiлде 2019
136

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің аудандарға жұмыс сапары Жәнібек ауданына жалғасты

Өңір басшысы алдымен аудан активімен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпарат тындалды. 

-Облысымызда атқарылып жатқан игі істердің барлығы елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалып жатыр. Халықтың тұрмыс сүру сапасын жақсарту жолындағы жұмыстар бір ғана адамның қолынан келер іс емес. Сондықтан баршамыз бірігіп, ел игілігі үшін қызмет етуіміз керек,-деді облыс әкімі.

Өңір басшысы аудан-ауылдарға инвесторларды тартып, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. Сонымен бірге шекаралық аймақтың әлеуетін ескере отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін атап өтті.

Жиын соңында бұл аудандағы облыс әкімінің қоғамдық өкілі болып Самиғолла Оразовтың кандидатурасы ұсынылды. Сонан соң,облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап беріп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, сапар барысында облыс әкімі БҚО Жәнібек ауданы Тегісшіл ауылындағы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында салынып жатырған су құрылысы жобасымен танысты. Жобаға республикалық және облыстық бюджеттен 368 млн.тг бөлінген. Су құбырының жалпы ұзындығы 10 км.  Сонымен қатар облыс басшысы Қамысты ауылындағы суландыру-суару жүйесі каналдарының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.  Бұл жұмыстардың аясында су айдайтын каналдардың арналарын тазалап, су өткізу құбырларын жөндеп, су өткізетін қақпалар қойылатын болады.