03 Шiлде 2019
91

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Теректі ауданында болды

 

Теректі ауданына жұмыс сапары барысында облыс басшысының орынбасары Б. Азбаев Жаңа Өмір ауылындағы сумен жабдықтау нысандарын салу және қайта жаңарту барысын тексерді. Жаңа Өмір ауылындағы су құбырын қайта құруға 344 млн. теңге бөлінді. 

Сондай-ақ, өңір басшысының орынбасары Б. Азбаев Ақжайық ауылындағы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынып жатырған 3 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Осы жылы 19 жанұя аталмыш үйден жаңа пәтерге ие болады. Айта кету қажет, 19 жанұяның ішінде 8-і көпбалалы отбасы. Аталған нысанның құрылысына 263 млн. теңге бөлінді. Нысанның құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.