04 Шiлде 2019
202

Облыс әкімінің аудандаға сапары Бөкей Орда ауданында жалғасты

Өңір басшысы алдымен Тайғара ауылында болып, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша салып су құбырын тарту жұмыстарымен, Мұратсай ауылы маңындағы үлкен бөгеттің жағдайымен танысты.

 

Аудан орталығында болған өңір басшысы салынып жатқан 16 екі пәтерлі тұрғын құрылысын, Бөкей ордасы колледжі жұмысын және жаңадан салынған шағын футбол алаңын көрді. Сонымен қатар, өңір басшысы аудан орталығының жанындағы балалар лагерінің жұмысымен танысты. Аудан жастары облыс әкіміне "Jastar project"бағдарламасы аясында өз жобаларын ұсынды.

 

Аудан активімен өткен жиынында облыс халықтың тұрмыс сапасын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар жүктеді. -Біздер әр ауданның тұрғындарының жақсы өмір сүруі үшін қолдан келген жағдай жасаудамыз. Ауданның бірқатар елді мекендеріне газ, ауыз су тартудамыз.Енді бірер жылда тас жолда жетеді. Осы кезге дейінгі айтылған игі бастамалардың барлығы жүзеге асатын болады,-деді Ғали Есқалиев. Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға жұмыла кірісу керектігін айтты. Сондай-ақ, Бөкей ордасы ауданындағы облыс әкімінің қоғамдық өкілі ретінде Нұрлыбек Бірмановтың кандидатурасы ұсынылды.