26 Маусым 2019
139

«Өрімталдықтар» демалыста журналистиканың қыр-сырына қанығады

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Жайық Пресс» медиахолдингінің ұйымдастыруымен 100 оқушының «Дарын» қосымша білім орталығында демалысы басталды.

-Орталыққа былтыр өңірде алғаш рет өткен «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің бірінші кезеңіндегі жеңімпаздары, ауданнан іріктелген оқушылар, қала берді республикалық Абай, Əбіш, Қадыр, Мұқағали оқуларында жеңімпаз-жүлдегер атанған оқушылар келді. Олар үшін 7 күнге шара жоспарланды. Демалыспен қатар журналистиканың қыр-сырына қанығады. Əр күннің өз атауы мен мақсаты бар. Мысалы поэзия, проза, телевидение, баспасөз, радио, фотожурналистика, сайттар мен əлеуметтік желідегі жұмысқа байланысты күн.Осы күндерге байланысты кездесулер өтеді. Мəселен, поэзия күні поэзиятуралы түсінік, қыр-сыры, өлең шығарудың техникасы айтылады. Кейін жазылған өлеңді оқуды, сахна мəдениетін, дауыс қоюды Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының əртістері үйретеді. Бұдан бөлек оқушылар қалаға экскурсия жасайды, - дейді «Жайық Пресс» медихолдингі директорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Мықтыбай.

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов