27 Маусым 2019
197

Облыс əкімі Ассамблея өкілдерімен кездесуде

Оралдағы «Достық» үйінде БҚО əкімі Ғали Есқалиев БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномəдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен кездесуде.

Оған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының этномəдени білестіктер, қоғамдық келісім мүшелері, аналар мен ақсақалдар кеңестері, ғылыми-сараптамалық топтар мен Ассамблея кафедрасы, медиаторлар, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, БАҚ өкілдері қатысуда. Облыс əкімі Ғали Нəжімеденұлы кездесудің басты мақсаты Ассамблеяның алдағы уақытта қандай жұмыстар атқаратынын жоспарлап, ұсыныстар мен мəселелер, олардың шешу жолдарын қарастыру екендігін атап өтті. -Биыл БҚО ҚХА қызметі республикалық деңгейде жоғары бағаланып, біздің Ассамблеяның тəжірибесін еліміз бойынша кеңінен енгізу туралы шешім қабылданды. БҚО ҚХА мүшелері Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ағайынға көмек ретінде 1млн. 800 мың теңге жинады. Қазір киімкешек, тағы басқа қажетті заттар жинауда. Əзірбайжан этномəдени бірлестігінің мүшесі, кəсіпкер Анвар Агаев жеке өзі 1 млн. теңге аударды. Құрылыс бригадасын жіберіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарына қолғабыс етпек,-деді Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.