30 Маусым 2019
39

Шыңғырлаудағы «жедел жəрдем» қызметіне жаңадан екі көлік берілді

Облыс əкімі Ғали Есқалиев Шыңғырлау аудандық аурухана қызметкерлерімен жүздесті.

Шара барысында аудан орталығындағы аурухана мен Ақшат ауылдық округіндегі медициналық пунктке жаңа «жедел жəрдем» көліктерінің кілті табысталды.

Орталық саябақта аудан ардагерлерімен ашық əңгіме-дүкен құрды. Ғали Нəжімеденұлы елдегі жұртшылықпен тығыз қарым-қатынас орнату жəне жергілікті билік тарапынан шешілмей жатқан түйінді мəселелерді облыс басшылығына тікелей жеткізу мақсатында Шыңғырлау ауданы бойынша өзінің қоғамдық өкілі Ерсайын Шəтеновті таныстырды.

Ерсайын Қапезұлы 26 жыл бойы осы ауданда тұрып, мемлекеттік қызмет саласында түрлі басшылық лауазымдарды атқарған, ауданның мəн-жайын жақсы біледі, ел-жұрт арасында сый-құрметке ие. Ұсынылған кандидатураны үлкен-кіші түгел қоштап, өңір басшысының халықпен тығыз қарымқатынас орнату бағытындағы қадамына сəттілік тіледі. Сонымен қатар облыс əкімі аудандық «Қазпошта» филиалының жаңа ғимаратын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осыдан бір жыл бұрын ашылған, бес залдан тұратын аудандық тарихиөлкетану музейін аралап көрді.