30 Маусым 2019
44

Шыңғырлауда «Eco river» жобасының тұсауы кесілді

Облыс əкімі Ғали Есқалиев Шыңғырлау ауданының жастарымен кездесті.

Ерікті жастардың бастауымен Жастар жылына орай қолға алынған «Eco river» жобасының тұсауын кесті. Аталмыш жоба аясында аудан жастары Елек өзенінің жағасын қалдықтардан тазалап, ел-жұртты табиғатты аялауға үндемек.