01 Шiлде 2019
87

Республикалық чемпионаттан жүлделі оралды

Жуырда Алматыда ұлттық ат спорт ойындарынан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Батыс Қазақстан облысының құрамында өнер көрсеткен Жəнібек ауданының спортшысы Мирас Берікбаев аударыспақтан 60 келі салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы атанса, теңге ілуден Əлижан Мамаев күміс жүлдеге ие болды.