01 Шiлде 2019
101

Ақсайда тоғыз қабатты екі үй салынуда

Бөрлі ауданындағы актив жиынынан кейін облыс əкімі Ғали Нəжімеденұлы қалаішілік жолдардың жөндеу жұмыстарының жəне Ақсай қаласының Қарашығанақ-1 шағынауданында салынып жатқан екі тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.

«Строй Мұнай Сервис Ақтөбе» ЖШС салып жатқан 126 пəтерлік тұрғын үйге республикалық бюджеттен 1 209,99 млн. теңге бөлінген. 36 бір бөлмелі, 54 екі бөлмелі жəне 36 үш бөлмелі пəтерден тұратын аталмыш баспана тұрғын үйге мұқтаж жандарға арендалық баспана ретінде берілмек.

Ал «Лидер» ЖШС салып жатқан 9 қабатты тұрғын үй түгелдей дерлік «Қазақстанқұрылысжинақбанкі» АҚ салымшыларына тапсырылады.