29 Маусым 2019
132

БҚО-да «Ел үлесі пəтерге» жобасы аясында 95-ші пəтер берілді

Былтыр бас мүфтидің ұсынысымен елімізде «Ел үлесі пəтерге» қайырымдылық акциясы басталды. Мақсат – мұқтаж отбасыларға баспана алып беру.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі - пəтерге» жобасы аясында өңірдегі екінші баспана Бөрлі ауданының аз қамтылған отбасына табысталды.

-Ақсай қаласы мешітінің ұжымы жəне жамағатының қолдауымен мешіттерде жиналған қаражаттың арқасында жалғыз басты анаға Кеңтүбек ауылынан үй алып бердік. Сауапты іске Бөрлі ауданының мешітінің жамағаты белсенді түрде атсалысты. Бізді қолдаған барша жамағатқа Алғыс білдіргіміз келеді. Бүгінгі қуаныш иесін жаңа баспанасымен шын жүректен құттықтаймыз,- деді үйдің кілтін берген БҚО-ның өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов.

Жомарт жандардың жəрдемінің арқасында жанұяға баспанамен қоса қысқатолқынды пеш, шаңсорғыш жəне тағы басқа тұрмыстық қажетті жабдықтар табысталды. Алдағы уақытта аудандық мешіт ұжымы жамағатпен бірігіп, жиһаз алып бермекші. Айта кетейік, бұған дейін осы жоба аясында жаңа баспана Сырым ауданындағы отбасыға алып берілді. Бұл республика бойынша берілген 95-інші пəтер.