05 Шiлде 2019
244

Облыс әкімі Жаңақала ауданында болды

 

Бүгін облыс әкімі Ғ.Есқалиев Жаңақала ауданында болып, ауданаралық сауықтыру ауруxанасы оңалту орталығының жұмысымен танысты. Сауықтыру орталығы 100 жатын орынға арналған, тиісті медициналық жабдықтармен қамтылған.

 

Сонымен қатар Жаңақала ауылындағы құрылысы аяқталған 3 қабатты тұрғын үйдің ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады. Аталмыш тұрғын үй "Нұрлы жер"бағдарламасы аясында салынды. Бүгінде 24 отбасы өз баспаналы болды,олардың ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларда бар.


Облыс әкімі активпен кездесуінде кәсіпкерлік дамыту, жаңа жұмыс орындарды ашу, инвестицияларды тарту, ауыл шаруашылықты дамыту мәселелеріне аса мән берді. Кездесу соңында облыс әкімі Жаңақала ауданындағы қоғамдық өкілі БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықовты таныстырды. Сондай-ақ, өңір басшысы Жаңақала тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдау өткізді.