02 Шiлде 2019
114

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Бөрлі ауданында болды

 

Алдымен аудан әкімдігінің кіші залында жиын өтіп, онда аудан орталығының әлеуметтік - экономикалық жағдайын Ақсай қаласының әкімі Амангелді Тоғызбаевтың баяндамасында егжей-тегжейлі көрсетілді.

 

 

Сапар барысында Ғали Есқалиев аудан активімен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Жиында Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиев баяндама жасады. Ол аудан өмірінің барлық салаларының жай-күйін қысқаша баяндап, сондай-ақ алдағы жылдарға арналған жобалар бойынша жоспарлар айтты. Бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және инвестицияларды тарту бағыттарын назарға алған өңір басшысы өз сөзінде жұртшылық алдына ұсынысың жеткізді. Ол жергілікті билік жұмысындағы ең басты аспектілердің бірі ретінде ұзақ мерзімді жоспарлаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесуде сөз алған өңір белсенділері бюджеттік сала қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылысына, ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға қатысты өтініштер айтылды. Облыс басшысы қоғамдық өкілдер институтын енгізудің маңыздылығына да тоқталды. Олардың басты міндеті жергілікті жерлердегі билік жұмысының сапасын бағалау болып табылады. Бөрлі ауданында қоғамдық өкіл болып Роберт Суербаев сайланды. Сапар барысында БҚО әкімі Ғали Есқалиев 2019 жылғы жобалардың жүзеге асырылу барысын көрді. Наурыз-1 және Наурыз-2 көшелерінің жөнделуімен, 9 қабатты, 126 пәтерлі үйдің құрылысымен және 10 шағын ауданда осындай екінші үйдің құрылысымен танысты.