03 Шiлде 2019
153

БҚО-дан ауылшаруашылық өнімдері тиелген керуен елордаға аттанды

Бүгін БҚО ауылшаруашылық өнімдері тиелген керуен Нұр-Сұлтан қаласына жол тартты, деп хабарлайды БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Шілденің 6-7 күндері елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі өтпек. Жəрмеңкеге біздің облыстан 60 тонна ауыл шаруашылық өнімі жіберілді.

Бас қаланың тұрғындарына арналған жəрмеңкеге батысқазақстандық тауар өндірушілер 15 тонна сиыр, 5 тонна жылқы жəне 1 тонна қой етін, 10 тонна қалбырдағы өнімді, 8 тонна шұжық, 10 тонна ұн мен макарон өнімін, сондай-ақ 2 тонна өсімдік жəне 2 тонна сары май, 5 тонна балық, 1 тонна сусын мен 1 тонна кондитерлік өнімдерді ұсынады.

Өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% төмен бағамен сатылмақ.