09 Шiлде 2019
101

Оралда волейболдан халықаралық турнир аяқталды

Орал қаласында волейболдан қыздар арасында «Еуро-Азия – 2019» VII халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Орал қалалық дене шынықтыру жəне спорт бөлімі.

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан жəне Ресейден 8 команда, 100-ден астам жасөспірім қыз қатысты. Бес күнге созылған дəстүрлі турнирдің чемпионы атағын Орал қаласының «Грация-KZ» командасы жеңіп алды. Күміс медальды Теміртау қаласының командасы иеленсе, үшінші орын Өзбекстанның Хорезм қаласынан келген командаға бұйырды.

Спорт бəсекесінде шеберлігін көрсеткен Диана Кенженова (Ақсай), Нельзифар Махмудова (Өзбекстан, Хорезм), Влада Гришина (Теміртау), Аяулым Бегматова (Шымкент), Акерке Бисекенова (Ақтөбе), Эвелина Валиулиуллина (РФ, Набережные Челны), Ақбота Пернахан (Түркістан облысы) үздік ойыншы атанды.

Турнирдің үздік ойыншысы қатарында «Грация-KZ» командасынан Валерия Голованова, үздік бұғаттаушы Арайлым Сабырова, үздік байланыстырушы Диана Сапарғалиева жəне үздік либеро Карина Төлегенова бар.