09 Шiлде 2019
145

Оралдық бүлдіршін республикалық байқаудан бас жүлдемен оралды

Жуырда Астана қаласында «Нұрталап – 2019» республикалық өнер байқауы өтті.

Аталмыш байқаудан оралдық бүлдіршін Ахат Утегенов вокал жанры бойынша бас жүлде алып келді. Кішкентай Ахат қаладағы №36 «Балақай» бөбекжайының тəрбиеленушісі.

-Ұлымыз қатысқан алғашқы байқау емес. Осы уақытқа дейін республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орын алып жүр. Биге де икемі бар. Бұл байқауға 3 пен 6 жас аралығында 32 бала қатысты. Өнер бəйгесіне Өскемен, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облысынан да балалар келді. Əннен бөлек, балғындар хореография, аспапта ойнау, мəнерлеп оқудан бақ сынады. Ахат «Ақ мамам» атты əн орындады. «Шəкіртсіз ұстаз – тұл» деген баламыздың қабілетін шыңдай білген музыкадан жетекшісі Айнұр Серғалиева мен тəрбиешісі Гүлбақыт Қашкынбаеваға алғысымыз шексіз,-дейді жас өреннің анасы Эльмира Тургалиева.