17 Шiлде 2019
185

Облыс әкімі Қарашығанақ жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитетінің кезекті отырысына қатысты

Алматы қаласында Қарашығанақ жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитетінің кезекті отырысы өтті.

Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев, Қарашығанақ жобасының акционерлері, өкілетті орган - «PSA» ЖШС өкілдері қатысты. Отырыс барысында КПО б.в. инвестициялық жобалары мен өңірдің дамуына бағытталған әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың (соның ішінде облыстың барлық аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы) қазіргі жүзеге асу мәртебелері қаралды.