17 Шiлде 2019
245

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы талқыланды

Батыс Қазақстан облысында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуiмен ҚР Үкiметiнiң кеңейтiлген отырысының қорытындысы бойынша актив өттi.

 

Кеңеске Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк инспекторы Абауов Мұхамеджан Мейрамұлы, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандар мен қалалардың әкiмдерi, басқармалар мен департаменттердiң басшылары қатысты. Актив барысында Ғали Есқалиев жыл басынан бергі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішкерін баяндап, индустрияландыру, инвестиция тарту, инфрақұрылым, әлеуметтік салалардың даму көрсеткіштеріне тоқталды.


- Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2015 жылдан бастап жалпы сомасы 91,3 млрд.теңгеге 32 жоба іске қосылып, 1 500-ге дейін тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар индустриаландыру картасы бойынша ағымдағы жылы құны 4,5 млрд.теңге тұратын 200 жаңа жұмыс орынымен қамтыған панельді трансформаторлар өндіретін Орал трансформатор зауыты, Бәйтерек ауданында "134" ЖШС кірпіш зауыты және Тасқала ауданында "Феррум контракт" ЖШС бөтелкедегі суды құю цехы салынуда, - деді өңір басшысы.


Актив барысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен салаыстырғанда 11,2% артқаны белгілі болды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 130 жаңа жұмыс орнымен қамтитын "Кублей" ЖШС тері өңдеу цехы, "Орал полиэтилен құбырлары зауыты", кондитерлік өнімдерін өндейтін "Исаев" ЖК, темір бетон бұйымдарын шығаратын "Жайық Транс құрылыс" зауыты, бетон өндіруге бағытталған "Земпром" зауыты іске қосылады.



Елбасы өз жолдауында 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін 2,5 есе арттыруды тапсырды.


«Ол үшін жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, өндірісте қолда бар барлық мүмкіндіктерді, әсіресе мал шаруашылығындағы әлеуетімізді пайдалануымыз қажет. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, жайылымдарды суландыру және лимандық, тұрақты суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруымыз қажет»,- деді облыс әкімі.


Қазіргі таңда облысымызда "Нұрлы жер"бағдарламасы аясында 17 көппәтерлі тұрғын үйдің және 119 үйдің құрылысы жүргізілуде, барлық пәтер саны - 3036. Ағымдағы жылы оның 1593 пәтері пайдалануға беріледі.


Облыс әкiмi екінші жартыжылдықта өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуде аудан әкімдеріне, сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Сондай-ақ, актив қатысушыларының назары «қарапайым заттар экономикасын» дамыту, инвестицияларды тарту, бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану, халықтың өмiр сүру сапасын арттыру бойынша жұмысты жандандыру қажеттiлiгiне аударылды