15 Шiлде 2019
295

Оралда демалып жатқан арыстық балалар кəсіпқой футболшылармен кездесті (СУРЕТ)

"Ақжайық" футбол клубының басшылығы, бапкерлік құрамы жəне ойыншылары "Дарын" қосымша білім беру орталығында жазғы демалысын өткізіп жатқан Арыс қаласының балаларымен кездесті, деп хабарлады «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі.

Қазір "Дарын" қосымша білім беру орталығында арыстық оқушылармен қатар Ресейдің көршілес Самара облысынан жəне еліміздің басқа өңірлерінен келген жас жеткіншектер де демалуда. Алдымен футболшылар мен демалушылар сұхбат құрды. Балалар ойыншыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, емен-жарқын əңгімелесті. Кейін балалар команда мүшелерімен футбол ойнап, қолтаңба алды.