13 Шiлде 2019
23

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына 40 кəсіпорын қатысты

Орал қалалық мəдениет жəне демалыс саябағында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау көрмесі өтті. Көрмеге азық-түлік, тұрмыстық тауар жəне өндіріс жабдықтарын шығаратын 40 кəсіпорын қатысты.

Күзде байқаудың республикалық кезеңі өтеді жəне ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері анықталады. Облыс əкімінің орынбасары Миржан Сатқанов көрмедегі тауарлармен танысқан соң, жергілікті кəсіпорындарының əлеуетін арттыру басты мақсат екенін айтты. Өңірлік байқау қорытындысында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымын «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Орал сауда өнеркəсіптік компаниясы» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымын «KazStepServise» ЖШС, «SaRi Suppliers Plus» ЖШС, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымын «Белес Агро» ЖШС, «Каверина С.В.» ЖК, «Талецкий» ЖК иеленді. Аталған қатысушыларға «Қазақстанның үздік тауары» ескерткіш белгісі берілді.