11 Шiлде 2019
30

БҚО-да 152 аудиторлық іс-шара жүргізілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жүктелген тапсырмаларына жəне функцияларына сəйкес 2019 жылдың 5 айлық қорытындысына орай негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді: бюджеттік жəне өзге заңнаманы сақтауға сəйкестік аудиті, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамалар, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік саласындағы қаржылық есептілік аудиті.

2019 жылдың 5 айы бойынша Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарның 33 бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінде департаментпен 128 бақылау нысандары бойынша 152 аудиторлық іс-шара жүргізілді, бақылаумен қамтылған қаражат - 4,8 млрд.теңге. Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша 40,8 млрд. теңге сомасында бюджеттік жəне өзге заңнама бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде 1,3 млрд.теңге рəсімдік сипаттағы бұзушылықтар. 2019 жылдың бес айында жүргізілген тексерістер қорытындылары бойынша қалпына келтіруге жəне өтеуге тиісті қаражат 39,5 млрд.теңге. Соның ішінде – 39,3 млрд.теңге қалпына келтірілді. Жергілікті бюджет кірісіне – 117,6 млн.теңге өтелді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама бұзушылықтары анықталды. Бақылаумен қамтылған қаражаттар сомасы 1,5 млрд.теңге. Заңнама бұзушылығымен 1,3 млрд.теңгеге 161 сатып алу жүргізілген. Жалпы сомасы 634,0 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алулардың 8 рəсімдерінің қорытындылары жойылды. Жиі тексерілетіндер – денсаулық сақтау, білім жəне халықты əлеуметтік қорғау салалары. Облыстың денсаулық сақтау нысандарында 18 тексеріс жүргізілді, бұзушылықтар сомасы - 3,3 млрд.теңге, мемлекеттік сатып алулар бұзушылықтарының сомасы 634,0 млн.теңге. Білім беру нысандары бойынша – 144,9 млн.теңге сомасында анықталған бұзушылықтармен 46 тексеріс, мемлекеттік сатып алулар бұзушылықтарының 97,9 млн.теңге. Халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамтамасыз ету нысандары бойынша - 123,6 млн.теңгеге анықталған бұзушылықтармен 20 тексеріс, соның ішінде мемлекеттік сатып алулар бұзушылықтарының сомасы 123,6 млн.теңгеге шықты. Аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жəне оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы 137 ұйғарым енгізілді. Аудит нəтижелері бойынша қабылданған шаралармен сумму 5,6 млн.теңге сомасында 90 əкімшілік іс қозғалды, оның ішінде бюджет кірісіне 5,6 млн.теңге өтелді. Жіберген бұзушылықтар үшін тексерілген бақылау нысандарының 93 қызметкері тəртіптік жазаға тартылды. Аудит нысандарында жіберілетін жүйелік бұзушылықтарға жəне кемшіліктерге келесі бұзушылықтар жатады: Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратын рəсімдер бұзушылықтары, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама қағидаларын қолдаусыз мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, өнім берушілерді жосықсыз ретінде таныту туралы сотқа жүгінбеу жəне т.б.; Бюджеттік жəне салалық заңнама бұзушылықтары; Қаржылық есептілікті толтыру барысындағы заңнама бұзушылықтары жəне тағы басқа. Аудитпен анықталған бұзушылықтардың негізгі себептері болып - тиісті бақылаудың жəне бағынысты мекемелер басшыларының жұмысын тиісінше ұйымдастырудың жоқтығы, аудит нысандарының лауазымды тұлғаларының жеткіліксіз біліктілігі, ішкі бақылау жүйесінің əлсіреуі табылды. Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алулар туралы жəне қаржылық тəртіпті қатаң қадағалау туралы заңнамасын жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі туралы ұсыныс берілді.