16 Шiлде 2019
89

«Жасыл елдің» екінші легі жұмысқа кірісті

Бүгінде өңірде еңбек сарбаздарының екінші легі жұмыстарын бастады. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мəлім болды.

«Жасыл ел» ЖЕЖ БҚОФ жетекшісі Асылан Тəпішевтің баяндауынша, биыл облыс аумағында аумағында «Жасыл ел» еңбек жасағында 1175 жас еңбек етпек. Олардың жалақысы 50-60 мың теңге шамасында болады. «Жасыл ел» топтары қатарында жұмыс жасайтын сарбаздар арнайы жұмыс киімімен (экипировкамен) қамтылады. Жастардың жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 8.00- ден кешкі 17.00-ге дейін. - Бүгінде еңбек сарбаздарының алғашқы легі өздерінің жұмысын аяқтап, екінші лектің жастары жұмысқа кірісті. Облысымыздың барлық ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Жасыл елдік» сарбаздардың негізгі жұмысы - орталған орман-тоғайды қалпына келтіру, қоршаған ортаны сақтау, аумақтарды тазарту, абаттандыру, - деді Асылан Нұланұлы. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Елбасының бастамасымен құрылған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама аясында еліміздің барлық аймағында жастар еңбек етеді.