17 Шiлде 2019
178

Еуропадан екі алтынмен оралды

Жақында Қазан қаласында таэквондодан (GTF) Еуропа чемпионаты өтті. Əлемнің 26 елінен 600-ге жуық спортшылар қатысқан додаға оралдық спортшылар да қатысып, бақ сынап қайтты.

Солардың бірі Əлия Ақдаулетова қос бірдей алтынды қанжығасына байлап, олжалы оралды. Жас таэквандошы Əлия 14-16 жастағы спортшылар тобында 65 келіге дейінгі салмақта массоги бағдарламасы (спарринг) жəне фулл-контакт түрі бойынша алтын алқаны жеңіп алды. Таэквандошыларды чемпионатқа бастап барған бапкер Нұрхан Мерханұлының айтуынша, командалық жарыстарда да спортшылар тамаша нəтиже көрсеткен. «Бұдан бұрын да халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген жас спортшы Əлия Ақдаулетованың шығар биігі алда» дейді бапкер.