17 Шiлде 2019
129

Теория практикамен ұштасады

Еліміздегі тиісті заңдылықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне орай республиканың жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің нормативтік базасы өзгертілді. Соған орай Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде білім беру қызметіндегі өзгерістер жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз болды.

Өткен жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық жəне басқарушылық тəуелсіздігін кеңейту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сəйкес Жəңгір хан атындағы БҚАТУ білім берудің 8 саласы бойынша кадрлар даярлайды. Олар - педагогикалық ғылымдар; бизнес, басқару жəне құқық; жаратылыстану ғылымдары, математика жəне статистика; ақпараттық-коммуникативті технологиялар; инженерлік, өңдеу жəне құрылыс салалары; ауыл шаруашылығы жəне биоресурстар; ветеринария; қызметтер. - Жаңа талаптарға орай университетте 35 жоғары білім беру, 23 магистратура жəне алты докторантура бағдарламаcы əзірленді. БҚАТУ Еуропа жəне Қытай жоғары оқу орындарымен екі дипломды білім берудің төрт бағдарламасын жүзеге асырады. Инновациялық білім беруді іске асыру маманды даярлаудың құзыреттілік моделін енгізу арқылы жүргізіледі. Білім беру бағдарламаларын жасақтау технологиялық салада, бағдарламаларды сараптауда, жасақтауда жəне құзыреттілігін анықтауда жоғары əлеуеті бар инновациялық кəсіпорындар мен шетелдік жоғары оқу орындары мамандарының белсене қатысуымен іске асырылады, - деді Жəңгір хан атындағы «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес АҚ-ның басқарма-төрағасы- ректор Асқар Нəметов. Асқар Мырзахметұлының баяндауынша, құзыреттіліктерге құрылған білім беру бағдарламаларында 60% технологиялық, 20% гуманитарлық, 10% бизнес-білім жəне кəсіпкерлікке оқыту, 10% IT-білім беру көзделген. Нəтижесінде теориялық білім 70%-ды, практикалық-бағытталған білім 15%-ды, инновациялық кəсіпорындардағы тəжірибе 15% -ды құрайды. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау бизнес-жоспарларды, стартаптарды қорғау арқылы, мемлекеттік емтихандар өндірісшілердің қатысуымен өткізіледі. Практикаға бағытталған модель 1, 2-курстардағы (өндіріске экскурсиялар, жазғы студенттік отрядтар, кəсіпорындағы жұмыс) теориялық жəне практикалық оқуды, жұмыс беруші мəлімдеген құзыреттерді 3, 4-курстарда терең игеруді (өндірістік тəжірибе, өндірісте, кафедра филиалдарында), дипломдық жобаларды орындау жəне кəсіпорындардағы нəтижелерді енгізуді білдіреді. Технологиялық білім беру процесі оқу сабақтарын үздіксіз практикамен ұштастыруды, теориялық оқытудың əр түрлі формаларын практикалар кезеңдер3мен біріктіруді көздей отырып, оқу уақытының едəуір бөлігін өндіріс жағдайында өткізуге мүмкіндік береді. Осының барлығы түптеп келгенде түлектерді ерте кезеңде жұмысқа орналастыру моделін іске асыруға ықпал етпек. Нəтижесінде университет түлегі еңбек нарығының талаптарына сəйкес құзыреттілікке, практикалық дағдыларға, кəсіпкерлік жəне IT білімге ие болады.