18 Шiлде 2019
39

Сенат депутаттары Бөрлі ауданындағы əлеуметтік нысандарда болды

ҚР Парламент Сенатының депутататтары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданында болып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сенат депутаттары аудандық ішкі істер бөлімінің жедел басқару орталығында болды. Жалпы құны 132 млн. теңге салынған нысан «КПО б.в.» компаниясының əлеуметтік тапсырысы негізінде бой көтерді. Үш қабатты ғимараттың төменгі қабатында құқық қорғау қызметкерлеріне арналған жұмыс бөлмелері, жаттығу залдары мен тир алаңдары орналасса, екінші қабаты толығымен шұғыл басқару орталығына арналған. Ақсай қаласының көшелеріне «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында 100-ден астам бейнекамера қойылып, шаһардың қауіпсіздігі осы аталған шұғыл басқару орталығы арқылы басқарылып отыруы керек еді. Құрылысы өткен жылы аяқталған ғимарат қаржы көзінің тапшылығынан əлі іске қосылмаған. КПО компаниясы арасында келіссөздер жүріп, мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде іске асыру жоспары бар. Қаржы көзінен құрылысы бəсеңдеп қалған тағы бір құрылыс 9 қабатты 126 пəтерлі тұрғын үйді көрді. Өткен жылы басталған баспана тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға арналып салынуда. Мəселемен жан-жақты танысқан Сенат депутаттары аталған мəселені назарға алатындықтарын жеткізді. Одан бөлек сенат депаутаттары "Наурыз-1, "Наурыз-2" көшелеріндегі орташа жөндеуден өтіп жатқан жолдың сапасын тексеріп, қаладағы халық көп баратын базарлардағы азық-түліктің бағаларына назар аударды.