23 Шiлде 2019
63

БҚО-да «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 77 бизнес-жоба ұсынылды

Батыс Қазақстан облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер 77 бизнес-жоба ұсынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жалпы сомасы 200 миллион теңге болатын 6 жоба қазірдің өзінде мақұлданыпты. Олардың ішінде макарон өнімдерін шығару мен қымыз өндіру, бір реттік пластмасса ыдыс жасау мен көкөніс өсіру жобалары бар. Кәсіпкерлер палатасының филиалында бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында арнайы жобалық кеңсе ашылған. Мамандардың айтуынша, мұнда жұмасына ондаған өтініш келіп түседі екен. Бағдарлама бойынша жылдық ставкасы 6% болатын жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге 7 жыл мерзімге берілмек. Марат Нұрғуатов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының БҚО филиалы директорының орынбасары: - Кәсіпкерлердің алдында қазір мол мүмкіндіктер бар. Яғни, қазір олар «Өндіріс» бағдарламасын, болмаса, 2025 жылға дейін ұзартылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын немесе «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын таңдай алады. Яғни, сіз бизнес-жоспар жасасаңыз, сол бойынша осы үш бағдарламаның ішінен өзіңізге керектісін таңдайсыз. Біз кәсіпкерлер палатасы жобалық кеңседе қажетті қолдау көрсетеміз.»