26 Шiлде 2019
127

Бірінші сыныпқа өтініштер электронды түрде де қабылданады

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 сыныпқа баратын оқушылардың құжаттарын қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі. Құжаттар ата-аналар мен заңды өкілдерден (қамқоршы, асырап алушы) қабылданады.

Балаларды гимназиялар мен лицейлерден басқа бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.

 

Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.

 

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа ата-аналардың ниеті бойынша (7 жасқа) толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Яғни, бірінші кезекте білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балаларды қамтамасыз етіледі, бос орындар болған жағдайда ниет білдірушілердің өтініштері қабылданады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижесі электронды жəне қағаз түрінде беріледі. Электронды өтініш берілген жағдайда, 5 жұмыс күні ішінде телефонға хабарлама келеді, 10 күн ішінде қызмет алушы мектепке құжаттардың түпнұсқасымен барып сəйкестендіру қажет.

 

Нəтижесінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі жəне жаңа оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарылады.

 

Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары бекітілген білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың атааналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.

 

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналықпсихологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді.

 

1 сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар талап етіледі:

 

1) баланың ата-анасынан жəне өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);

 

2) баланың туу туралы куəлігінің көшірмесі;

 

3) "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

 

4) № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

 

5) 3x 4 көлеміндегі фото - 2 дана.