26 Шiлде 2019
304

БҚО əкімі облыс тұрғындарын тазалық акциясына қатысуға шақырды

Батыс Қазақстан облысының əкімі Ғали Есқалиев өзінің facebook парақшасында облыс тұрғындарын "Таза жағалау" акциясына қатысуға шақырды.

- Облысымыздың табиғаты өте əдемі, ал өңіріміз еліміздегі экологиялық жағынан таза аймақтардың бірі екені баршаға мəлім. Туған өлкеміздің осындай жақсы күйде болуы өзімізге байланысты. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған
#Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын қолдау мақсатында өңіріміздің барлық тұрғындарын сенбі күні, 27 шілдеде, өтетін тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын.

Шара аясында Жайық, Сарыөзен мен Қараөзен, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Шалқар, Еділсор көлдерінің жағалауларын тұрмыстық жəне басқа да қоқыстардан тазартылады. Бұл игі шараларымыз апта сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.

Біздің ортақ міндетіміз – туған өлкеміздің сұлулығын таза сақтау, азаматтардың бойында өз ауласын, көшесін, ауылын, қаласын таза ұстауға шақыру, жастардың бойынша экологиялық мəдениетті қалыптастыру. Табиғат – біздің туған жəне ортақ үйіміз, ол жайлы да таза тұруы шарт. Сондықтан экологиялық тазарту жұмыстарына қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға бірге атсалысып, табиғатымызды аялайық! Тек жұмылып еңбектенсек қана біз туған өлкемізді көркейте аламыз! - делінген өңір басшысының əлеуметтік желідегі парақшасында.