29 Шiлде 2019
266

Оралда табиғатқа қамқорлық таныту шарасы өтуде

Бүгін республикалық #Birge#Taza Qazagstan акциясы аясында облыс бойынша «Таза жағалау» атты экологиялық акция бастау алды. Орал қаласында өткен шараға өңір тұрғындары, белсенді жастар мен аға буын өкілдері ат салысуда. Қоршаған ортаны таза ұстауды мақсат еткен шарасына жиналғандар 13 аумаққа бөлініп, Орал қаласы аумағындағы өзен-көл жалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазартуда.

-Облысымыздың табиғаты өте əдемі жəне экологиялық жағынан таза екені барлықтарыңызға мəлім. Алайда туған өлкемізді көркейте түсу үшін біз оны таза ұстауымыз қажет.

Батысқазақстандықтар əрқашанда туған жеріне аса қарқорлықпен қараған. Осы жолы да "Таза жағалау" атты экологиялық акцияға туған өлкеміздің патриоттары да белсенді түрде қатысуда.

Біздің ортақ міндетіміз - туған өлкенің сұлулығын таза сақтау, əрбір тұрғынды экологиялық мəдениетті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысуға ынталандыру, азаматтардың бойында өз ауласын, көшесін, ауылын, қаласын таза ұстауға шақыру арқылы патриоттық сезімді ояту.

Табиғат - біздің туған жəне ортақ үйіміз, ол жайлы да таза тұруы қажет, - деді шараға арнайы қатысқан облыс əкімі Ғали Есқалиев.

Айта кетейік, аталған акция облыстың барлық аудан-ауылдарда өтуде. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыптау орталығына жеткізіліп, қайта өңдеуге жіберіледі. Аталған шара əр апта сайын өткізілетін болады.