29 Шiлде 2019
354

«Атамекен» палатасының өңірлік кеңесіне жаңа төраға сайланды

Бүгін облыс əкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП Батыс Қазақстан облысының кəсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің отырысы өтті.

Басқосуға сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысты. Отырыс барысында өңірлік кеңес мүшелерінің дауыс беруі арқылы кеңестің жаңа төрағасы болып Мұрат Жəкібаев сайланды.

- Өңірлік кеңестің жаңа төрағасы Мұрат Орынбайұлының қызметіне жаңа табыс, жетістік тілеймін. Ал Валерий Кенжеғалиұлының бұл саладағы өмірлік тəжірибесінің маңызы зор. Оның бұған дейін облысымызда атқарған жұмыстары ұмытылмайды. Өңірлік кеңес жұмысының нəтижелі болуын тілеймін. Сіздер жергілікті биліктен тəуелсіз болсаңыздар да облыс əкімдігімен бір бағытта жұмыс істеп келесіздер. Бірлескен жұмыстарымыз табысты болсын, - деді Ғали Нəжімеденұлы.

Аталмыш кеңестің бұрынғы төрағасы Валерий Жүнісов пен кеңес мүшелері жаңа төрағаның жұмысына сəттілік тіледі. Өз кезегінде сөз алған жаңа төраға да өзіне сенім артқан əріптестеріне ризашылығын білдіріп, бизнесті дамыту бағытында белсенді жұмысты жалғастыратынын айтты.

Сондай-ақ отырыста «Атамекен» ҚРҰКП VI съезінің делегаттарының құрамы бекітілді.