29 Шiлде 2019
190

БҚО-да «Денсаулық жолы» жобасы аясында дәрігерлер шалғай ауылдарды аралады

Батыс Қазақстан облысында «Денсаулық жолы» жобасы аясында білікті мамандардан құралған медициналық топ алыс ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетті.

Алғашқы бригада Жаңақала және Бөкей Ордасы аудандарының 8 ауылына барып қайтты. Бір апта ішінде онколог, эндокринолог, терапевт, кардиолог және көз дәрігерлері 532 сырқатты қабылдаса, саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары дұрыс тамақтану, аурудың алдын-алу турасында тұрғындарға кеңес берген. Алдағы уақытта дәрігерлер флюорограф және маммограф жабдықтарымен жолға шығуды жоспарлап отыр.

 

Сәуле Шөкешева, Бисен ауылының тұрғыны:

 

- Бір көзден операция болдым. Енді екінші көзім көріңкіремейді,Сол үшін келді дегесін келіп отырғаным, көмек бола ма деп. Доғдырлардың қайсысына болса да қаралып қалайын деп.

 

Зияда Молдағалиева, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары:

 

- Сұраныс көп, тұрғындар қаралып жатқаны кардиолог пен офтальмолог. Ауылда дәрігерлік амбулатория болсын, ФАП болсын дәрігерлер жетіспейді ғой. Сол тұрғындарға өте жақсы. Ауданға үлкен кісілердің жағдайлары болмайды, денсаулықтары болмайды. Келген дәрігерлерге бәрі түгел қаралып жатыр.