30 Шiлде 2019
206

Жерлесіміз Ержан Максим балалар Евровидениесіне қатысады

Бұл туралы ҚР ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дəурен Абаев Facebook желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

"Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық əн байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын əн додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді.

 

"Хабар" Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нəтижесінде Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек.

 

Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды.

 

Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді", - деп жазды министр Абаев.